Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Бүгін Махамбет атындағы Қазақ академиялық драма театрында Республика күніне арналған “Отаным – бақыт ордасы” атты салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға аймақ басшысы Серік Шәпкенов қатысып, Атырау жұртшылығын ұлттық мерекемен құттықтады.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Республика күні – халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн. Бүгінде Қазақстан нық қадаммен алға басып келеді. Мұнда ел дамуына мүдделі, осы жолда адал қызмет етіп жүрген әр қазақстандықтың үлесі бар”, – деді өңір басшысы.

Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 35 азамат ел дамуына қосқан үлесі, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі, жоғары кәсібилігі мен мінсіз қызметі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды. Облыс әкімі Президент атынан берілген мемлекеттік наградаларды табыстады.

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен

Өтешов Мұрат Сақтайұлы – Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

"Парасат" орденімен

Қонарбай Болат Қайроллаұлы – "Болат–Жол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Атырау қаласы

"Құрмет" орденімен

Таубаев Бақтыбек Жұбандықұлы – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің менеджмент кафедрасының профессоры

Қохаманов Болат Қайрғалиұлы – Нұрмұхан Жантөрин атындағы Облыстық филармонияның эстрадалық үрлемелі аспаптар оркестрінің жетекшісі

Қажымғалиев Өмірзақ – еңбек ардагері, Атырау облысының Құрманғазы ауданы

Өтепова Қарылғаш Хизатоллақызы – "Абылай–Хан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы және директоры, Атырау қаласы

Бейсқали Толқын Ермекқызы – Қызылқоға аудандық Мәслихатының төрағасы, Атырау облысы

Кейкин Шәкір Кейкінұлы – Атырау қаласының әкімі

ІІІ – дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен

Алашбаев Рашид Тағанұлы – "АтырауНефтеМаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің І–санатты токарі, Атырау қаласы

Мусин Нұролла Жұманұлы – "Махамбет Су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының механик сантехнигі, Махамбет ауданы

Мухтаров Қуанышкерей Серікқалиұлы – "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." филиалы Өндірістік операциялар жөніндегі супервайзері

Кубиев Қанат Меңдігерейұлы – "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" акционерлік қоғамы "Атырау мұнай өндеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің машинисі.

Және бірқатар еңбек саласының үздіктеріне "Ерен еңбегі үшін" медаліне табысталды

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бір топ еңбеккерге облыс әкімі Алғыс хат табыстады.

Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен түйінделді.

Дана Русланқызы
Жұма, 24 Қазан, 2025 21:31
Талқылау