Атырау облысында киік аулағандар ұсталды
Атырау облысы, Индер ауданында киік аулағандар ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ-не сілтеме жасап.

Тінту барысында киіктің 4 мүйізін, оның бұтарланған етін және аңшы қаруын тәркілеген", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Аталған фактіге қатысты 1974 және 1972 жылдары туған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.