Атырау облысында итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырған ер адам ұсталды
Атырауда итті азаптаған ер адам видеоға түсіп қалды. Ол иттің басын тоңазытқыштың темір есігіне қысып, өзі тоңазытқыштың үстіне аяғымен тұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеоны Instagram-да "Мейірімді жүрек" көмек тобының әкімшілері жариялады. Олар ер адамның аты Марғұлан екенін хабарлады.
Бейнежазбаны ер адамның танысы түсірген. Ит қиналып, аурудан құтылуға тырысап, жыбырлай бастаған кезде видеоны түсіріп тұрған адам: "Мака, шашлык жасама, қажет емес", - деп азаптауды тоқтатуды сұрады. Алайда ер адам әрекетін тоқтатпады.
Атырау облысының полиция департаментінде видеоны тарату фактісі бойынша тексеріс басталды.
"Оқиға 31 мамыр күні қала маңындағы Еркінқала ауылында болды, ер адам итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырған. Күдікті анықталып, ұсталды", - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ақтауда липосакция жасатпақ болған мәслихат депутаты мерт болды: Жекеменшік клиника талаптарға сай емес екені анықталды
Орталықтың хирургиялық ота бөлімі талапқа сәйкес медициналық құрылғылармен толыққанды жабдықталмаған
Желіде 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы талқыға түсті: Ол мұны елу жыл бойы армандаған
Тойда қалыңмал беріліп, киіт ашылып, дәстүрлі жөн-жоралғылар орындалған көрінеді