"Бір минуттан кейін өліп кетер еді": Атырау облысында дәрігерлер суға батқан баланың өмірін сақтап қалды
Атырау облысы Жылыой ауданында өзенге құлап кеткен баланы дәрігерлер аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ауруханаға хабар түсе сала құтқарушылар айтылған жерге бірден аттанды. Оқиға орнына үш минутта келіп жеттік. Баланың ата-анасы оның Құрсай өзенінің маңында ойнап жүріп, суға құлап кеткенін айтады. Әкесі баланы судан шығарып үлгерген, десек те бүлдіршін біраз су жұтып үлгеріпті. Құтқарушылар келгенде бала көгеріп, тыныс алуға нашарлап, денесі салқындай бастады. Тағы бір минут өткенде бала өліп кетуі мүмкін еді", - дейді жедел жәрдем қызметкері Ботагөз Бақытжанова.
Ақ халаттылар уақыт жоғалтпай, баланың өкпесінен суды шығарып, өнің жүрегіне массаж жасапты. Жасанды тыныс жасалып, оны көрпемен орап, ауруханаға жеткізген. Қазіргі таңда оның өміріне төнетен қауіп жоқ дейді мамандар.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған