Атырау облысында ауылдарды су басқанына қатысты ТЖД пікір білдірді
Төтенше жағдайлар департаменті 9 ақпанда Атырау облысы Қызылқоға ауданында қар еріп, су басқанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖД
Су арық арнасы бойынша Мұқыр мен Сағыз ауылы арқылы өткен. ТЖД бұл штаттық режимде болды деп мәлімдейді. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
Ведомствоның мәліметінше, қазір су деңгейі төмендеген. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.
"Байбалам салып, уайымға түспеуіңізді және тек ресми мәліметтерге сенуіңізді сұраймыз!", – делінген ТЖД хабарламасында.
Еске салсақ, Атырау облысында бірнеше ауылды су басқан еді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған