Атырау әкімдігі тозығы жеткен көпірді жөндеу жоспарынан бас тартты
Салынғанына 58 жыл болған Атыраудағы басты автокөпір бұған дейінгі жоспар бойынша жөнделмейді. Билік көпірді қайта құру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақжайық” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

“Қала әкімінің орынбасары Серік Нысанбаев жоба түзетіліп жатқанын айтты, өйткені "автомобиль көпірінің техникалық жағдайын ескере отырып, толық қайта құру қажет”, – деп жазды басылым.
Көпірдің толық қайта құру үшін қашан және қанша уақытқа жабылатыны әзірге белгісіз. Бұған дейін 1965 жылы салынған тозығы жеткен автокөпірді орташа жөндеуден өткізу жоспарланған болатын.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде