Атбасарда футболшы матч кезінде көз жұмды
Ақмола облысының Атбасар қаласында футбол матчы кезінде 58 жастағы ойыншының жағдайы күрт нашарлап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиғаға қатысты Ақмола облысының полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.
Ведомствоның мәліметінше, марқұм 1968 жылы туған Астана тұрғыны болған.
“Ер адамның қайтыс болу дерегі Атбасар аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрекке байланысты денсаулық мәселесі себеп болған”, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданбақ.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда
