Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атбасар түрмесінде Тимур Данебаевты азаптаған 12 қызметкер сотта ақталып шықты

Атбасар түрмесінде белсенді Тимур Данебаевты азаптаған 12 қызметкер сотта ақталып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты аталған іс бойынша алқабилердің қатысуымен сот процесін өткізді.

Сот төрағасы Ибрагим Әлкеновтың түсіндіруінше, алқабилерге үш негізгі сұрақ қойылған. Алқабилер кеңесу бөлмесінде қылмыстық құқықбұзушылық оқиғасының болмағаны туралы шешімге келген. Нәтижесінде айыпталушылар кінәсіз деп танылып, сот оларды толық ақтау туралы шешім шығарған.


Атбасар түрмесіндегі азаптау ісі: Жәбірленушілер сотта адам шошырлық ақпараттарды бөлісті


"Сот шешімімен бұрынғы 12 қызметкер толық ақталып, тергеу кезінде қамауда болған үш адам бостандыққа шықты. Сонымен қатар, ақталған азаматтар "заңсыз қылмыстық қудалау" үшін өтемақы талап етуге құқылы. Олардың мүліктеріне салынған тыйымдар алынып, тоғыз азаматқа қатысты кепіл сомасы қайтарылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, оған 15 күн ішінде шағымдануға болады”, – делінген ақпаратта.

Мемлекеттік айыптаушы айыпталушыларға нақты бас бостандығынан айыру жазасын сұрағанына қарамастан, алқабилер көпшілік дауыспен оларды кінәсіз деп тапты.

Айта кетейік, журналист Вадим Курамшин Facebook желісінде Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде түсірілген азаптау видеосын жариялаған болатын. Видеода колония қызметкері тұтқынмен әңгімелесіп, оның дәретхана тазалаудан не үшін бас тартқанын анықтап сұраған. Сотталушы дәретханадан басқа барлық үй-жайды жууға дайынмын деп жауап берген. Содан кейін формадағы офицерлер тұтқынды құлатып, офицерлердің бірі оны дубинкамен ұрып-соққан. 

Артынша ішкі істер министрлігі Атбасарда түрмедегі азаптау видеосына қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Талқылау