"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовты қамауға алу мерзімі ұзартылды
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовты қамауға алу мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мырзахметовты қамауға алу 10 желтоқсанға дейін созылды.
"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 31 қазанда күдікті А.Мырзахметовке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 10 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция бергенін хабарлаймыз", – деп мәлімдеді Астана сотының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Абылай Мырзахметов 12 мамырда қамауға алынды. Мырзахметов туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесіп, кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Одан бөлек 21 қарашада экс-вице-министр Нұржан Әлтаев Абылай Мырзахметовтен делдал арқылы жалпы 50 миллион теңгеден астам ақшаны пара ретінде алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"