Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астраханда полицейлер өліміне қатысты күдіктінің бірі Атыраудан табылды

Астраханда полицейлерді атып өлтірді деген күдікпен іздеуде болғандардың бірі Атырау облысынан табылды,-деп жазды КТК арнасы.

балатуралы

27 жастағы Ресей азаматын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстаған. Мәліметтерге қарағанда, Әлібек Ғизатов 6 күннен бері мұнайлы өлкедегі компаниялардың бірінде вахталық жұмыста болған екен.

Сондықтан арнайы қызмет оның қанды қылмысқа қатысы барына күмән келтіріп отыр. Десе де, күдіктіні Ресейге экстрадицияламақ. Айта кетсек,  жол патруль қызметкерлері Владимир Дьяконов пен Дмитрий Школьниковті қарақшылар көлігінде протокол толтырып отырған сәтінде атып өлтірген.

Ал, Ғизатовпен қатар, 7-і күдіктінің тағы 2-уі ұсталған. Қалғандарын табу үшін қаскөйлердің жасырынған жері туралы ақпарат бергендерге бір миллион рубль сыйақы тағайындалыпты. Бір айта кетерлігі, Атырауда ұсталған Ғизатов еліміздің тумасы.

25 жыл бұрын әке-шешесі ажырасқан соң, жігіт анасымен Ресейде қалып қойған. Атырауға вахталық жұмысқа келіп тұратын Әлібектің әкесі де осында тұрады екен.

«Комитет қызметкерлері жұмыста отырғанымда осындай жағдай болды деп айтты. Жауабын бердім. Балам кінәлі ме, кінәсіз бе мен білмеймін»,-дейді Ғизатовтың әкесі Батырбек Ғизатов.

Оқи отырыңыз:

 

 

Талқылау