Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтар автобуста тұнжыраған әкім орынбасарын көріп таңғалды

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан Астана әкімі орынбасарын қоғамдық көліктен көргенін айтып таңғалды.

20294433_1429531347083542_1933882521549084166_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тележүргізуші Астана әкімінің орынбасары Хорошунның автобуста түскен суретін жүктеп:

«Кешкі кептеліс уақытында автобустан Астана әкімінің орынбасары Хорошунды көруге болады. Бұл Астана», – деп жазды.

Желідегілер Сәтжанның жазбасын қызу талқыға салды. Кейбіреулер шенеуніктің қарапайымдылығына таңғалса, екіншілер жарнама үшін осындай әрекетке барды деп айыптады. Ал үшіншілер Сәтжанның автобусқа мінгеніне таңырқады.

«Хорошин мейлі ғой, автобуста өзің не істеп жүрсің», «Түрі мұңлы ғой, өз еркімен мінбеген-ау», «Жарнама», «Халыққа жақын әкімдік», «Қорқып тұрған Хорошун», – деп пікір білдірді желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Сиви Махмұди жаңа лаунж-бар ашты (видео)

Шымкенттік гитарашы Астана автобустарында ерекше шоу жасайды

Қарағандылық полицей дүкенге келушіге дөрекілік танытып, оны қуып шыққан (видео)

Полиция жалаңаш күйімен танылған полицейдің есімін атады

Талқылау