Астаналық қыз жоғарғы қабаттағы балкон төбесінен секірмек болды – полиция қылмыстық іс қозғады
Желіде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ең жоғарғы қабатындағы балконның төбесіне шығып кеткен қыздың видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кадрлардан оның құлап кете жаздағанын көруге болады. Полиция қызметкерлері дер кезінде жетіп, қызды құтқарып қалды.
"Полиция департаменті осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері балконның төбесіне шығып кеткен қызды құтқарды", – деп хабарлады полиция департаменті.
Видеодан полиция қызметкерлерінің секіргелі тұрған қызды қалай ұстап алып, жоғарыға көтергені көрсетілген.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"