Астаналық қария мерекеде Наурыз көженің сатылып жатқанына наразы (видео)
Елордалық ақсақал мереке кезінде Наурыз көженің тегін таратылмай, сатылып жатқанына наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Наурыз көжені сатып жүргендерге ашуланған қарттың видеосы тарады.
“Ұят емес пе?! Қазақстанның халқы мал болып кеткен бе? Кім мынаны саудаға айналдыр деп айтты? Бұл наурыз емес пе”, – деді ашынған қария.
Ақсақалдың бұл сөзін қолдағандардың қарасы көп.
“Келісемін, не салт-дәстүр бойынша дайындап елге тарат, болмаса мүлдем жасамай-ақ қой”, “Қарияларға тегін таратса да болар еді”, “Қарағандыдағы супермаркетте кофе, шай, бауырсақ, жеміс-жидек пен кәмпиттерді тегін таратты”, “Ақсақалдікі жөн, надан болып кеттік”, “Дәстүрді кәсіпке айналдырып алған”, “Бірақ тегін таратса халық жабайыланып кетеді”, – деп жазды желідегілер.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар