Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық алаяқ адамдарды мемлекеттен пәтер алуға көмектесемін деп 550 миллион теңгеге алдап соққан

Астанада атышулы алаяқ 35 жастағы Гүлдана Аяпбергенова 50 адамды қомақты қаржыға алдағаны үшін 6 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Гүлдана Аяпбергенова адамдардан мемлекеттен алдымен жалдамалы, кейін сатып алуға болатын баспана алуға көмектесемін деп қомақты қаржы алған. Алаяқтан зардап шеккендердің саны 50-ге жеткен. Ал келтірген шығын көлемі 550 миллион теңгеден асқан. Келіншек өзінің заңсыз бизнесін 2021 жылы ашып, оны “Гүлдана” ЖШС деп тіркеді. 

Kozachkov Telegram арнасының мәліметінше, келіншек ресми түрде әлеуетті үй сатып алушыларды қолдаумен айналысқан. Ол сайтқа өтініштерді тіркеу үшін құжаттарды қабылдаған. Сөйтіп клиенттерге жылжымайтын мүлікке аванс ретінде ақша жіберуге уәде берген.

Кәсібін дөңгелетіп жүрген Гүлдана туралы адамдар достарынан біледі. Баспана алуға көмектесемін деген алаяққа жәбірленушілер Астанадағы Хайвилл тұрғын үй кешеніндегі үш бөлмелі пәтер үшін 5 миллион теңге, ал Алматыдағы “Терра” тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтер үшін 2 миллион теңге алған. Ол процесті тездету үшін тағы миллион теңге сұраған. Оған “Хайвиллден” және “Либерти” тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алғысы келетін тағы бір әйел келді. Екі пәтер үшін Аяпбергенова одан 12 миллионнан астам қаражат алған. Кәсіпкердің бір құрбаны оған 6 миллион теңге берсе, басқасы 7 миллион және одан да көп қаражатты сеніп тапсырған.

“Жылжымайтын мүлік сатып алуға 20-40 миллион теңге салуға дайын адамдар барған. Олардың барлығы мәмілеге еш күмән келтірмеген. Сөйтіп екі ЖШС-мен келісімге қол қойған. Ал ақша банктер арқылы аударылды. Бірақ бұл келісімдерде ешқандай переференциялар қарастырылмаған. Аяпбергенова kezekte.kz сайты арқылы пәтер алуға өтініш толтырған. Ал бұл қызмет баспана алуға өтініш білдірген әр азаматқа қолжетімді. Алаяқ бұл қызметі үшін 5-10-40 миллион теңге ақша алған”, – делінген жазбада.

Гүлдана Аяпбергенованың уәдесіне тойып, сөзіне күмәндана бастаған адамдар одан ақшасын қайтаруды талап еткен. Келіншек кейбіреуіне жарты ақшасын қайтарған. Бірақ бәрі бірдей қаражатын қайтара алмаған.

Гүлдана Қалдыбайқызы 2023 жылдың күзіне дейін жұмыс істеп, осы уақыт аралығында 50 жәбірленушіден 550 миллион теңгеден астам ақша алған. Ал жәбірленушілер ақыры алаяқтың үстінен құқық қорғау органдарына арыз жазды.

“Сотта Аяпбергенова "Самұрық-Қазына" бағдарламасы бойынша көмектесеміз деп уәде берген кейбір әйелдерге қаражаттың қомақты бөлігін аударғанын және өзі жәбірленуші болғанын айтып, кінәсін мойындамады. Судья Ескендір Аманжолов бұл куәлікке сыни көзқараспен қарап, алаяқты 6 жылға бас бостандығынан айырды”, – делінген хабарламада.

Сотталушы енді келтірілген шығынды толығымен өтеуі керек. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сондай-ақ сотталушы сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.

Талқылау