Астанадағы жедел жәрдем көліктерінің 27 пайызы ғана жұмыс істеп тұр
Астанадағы жедел жәрдем көліктерінің 27 пайызы ғана жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: facebook.com/Ақмарал Әлназарова
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
"Бұл медициналық көмектің сапасы мен уақытылы болуына кері әсерін тигізуде", – делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Сонымен қатар өңірлерде жұмысқа жарамды жедел жәрдем көліктерінің деңгейі Ақтөбе облысында – 65%, Ұлытау облысында – 78,1%, Алматы облысында – 78,4%, Жаңаөзен қаласында – 78,6%, Маңғыстау облысда – 79,5% құрады.
Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі енді жедел жәрдемнің шұғыл емес шақыртуларға бармайтынын мәлімдеген еді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған