Астанадағы теміржол вокзалдарына бұрынғы атаулары қайтарылатын болды
Астанада "Нұр-Сұлтан" және "Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол" теміржол вокзалдарының атауы өзгереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BES.media Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Нұр-Сұлтан қаласының атауы Астана болып өзгеруіне байланысты "Нұр-Сұлтан" және "Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол" станцияларының басшыларынан "Нұр-Сұлтан" станциясының атауын “Астана”, “Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол” атауын “Нұрлы жол” деп өзгерту туралы ұсыныстар түсті”, – делінген Қазақстан темір жолы компаниясының жауабында.
ҚТЖ қазірдің өзінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әрі қарай жұмыс істеу үшін атаулары өзгертілетін теміржол вокзалдарының тізімін жібергенін хабарлаған.
- "Қайрат Сатыбалдымен араласқан соң дінге келді деген – қате пікір": Балғынбек Имашев экс-президент әулетінің салафизмге қатысын айтты
- Желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арбадағы інісіне барған суреті тарады
Редакция станциялардың атын өзгертуге кететін шығындар туралы ақпаратты сұрағанымен аталған компания қажетті цифрларды келтірмеген.
“Теміржол вокзалдарының атауын өзгертуге материалдық ресурстар "KТЖ-ГП" ЖШС бюджетінде станцияларға, локомотив және вагон деполарына мөртабандарды, пломбаларды, белгілерді сатып алуға қарастырылады”, – делінген жауапта.
Еске салайық, 2022 жылдың 17 қыркүйегінде елордаға бұрынғы – Астана атауы қайта берілген. Алайда теміржол вокзалдары әлі атауларын өзгерткен жоқ.