Астанадағы қоғамдық тамақтану орны өртке оранып, газ баллондары жарылды (видео)
Астанадағы қоғамдық тамақтану орнында өрт оқиғасы тіркелді. Байқоңыр ауданында донерхана өртеніп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше оқиға орнында астаналық құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 20-дан астам адамы мен 4 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, сағат 19:08-де донерханадағы өрт жойылды. Алдын ала өрт аумағы 80 шаршы метрді құрайды.
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Өртті сөндіру кезінде газ баллондары 4-5 рет жарылды.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"