Астанадағы базарда қайдан келгені белгісіз қауіпті ет сатылған (видео)

Астанадағы “Әлем” базарында қажет ветеринариялық құжаттары жоқ, жалған мөр басылған қауіпті ет сатылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, 41 жастағы ер адам сатушыларға заңды айналып өтуге көмектескен. Ол сатушылардан ақша алып, етке жалған мөр басып беріп отырған. Осылайша ет өнімдері уәкілетті органдардың рұқсатынсыз және ветеринариялық құжаттарынсыз сатылған. Ал еттің қайдан келгені белгісіз.
Полиция жалған мөрді тәркілеп, “жалған құжаттарды, штамптар мен мөрлерді қолдан жасау және өткізу фактісі” бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сондай-ақ “Әлем” базарының әкімшілігіне бұдан кейін мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу үшін шара қабылдау туралы ескерту жасалды.
“Полиция тұрғындарға ет өнімдерін сатып алғанда ветеринариялық құжаттарды мұқият тексеру өте маңызды екенін ескертеді. Егер өнімнің жеткізілуінің заңдылығына күмән туса, дереу 102 нөміріне хабарлау қажет”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада заңсыз ет өңдеу нысаны анықталып, үш тонна ет пен мал өлекселері тәркіленгені туралы жазған едік.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті