Астанадағы автобус апаты: Төрт жолаушыға ота жасалды
Астанада автобус апаты салдарынан төрт жолаушыға ота жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Astanovka98 Telegram-арнасынан
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 21 ақпанда автобус бағанға соғылған соң №1 қалалық көпбейінді ауруханаға 15 адам жеткізілген.
"Тексеріс нәтижесі бойынша 8 адам үйіне амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді. 7 науқас емді әрі қарай жалғастыру үшін ауруханаға жатқызылды. Соның ішінде 4 адамға ота жасалды", – делінген басқарма хабарламасында.
Қазір науқастар дәрігерлердің бақылауында. Ал автобус жүргізушісінің жағдайы орташа ауыр деңгейде деп бағаланды.
"Ота жасалды. Жалпы жағдайы орташа ауыр деңгейде, тұрақты. Жарақат бөліміне жатқызылды", – деп қосты басқарма өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін 25 жолаушысы бар автобустың Астанада бағанға соғылғаны туралы хабарлаған едік. Оқиға Бараев көшесінде болған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік