Астанадағы алапат өрт: Ғимараттан 8 адам эвакуацияланды
Астанадағы “Хан Шатыр” сауда үйінің маңындағы алапат өрт кезінде 8 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, эвакуацияланғандар ішінде бір бала бар.
“Нақтыланған ақпаратқа сәйкес ғимараттың қасбеті өртенген. Оқиға орнында өрт сөндірушілер 3 ранг бойынша жұмыс істеп жатыр. 16 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылды. Ғимарат әкімшілік, жартылай тұрғын үй. Өрт болған жерде штаб құрылды. Эвакуация жүріп жатыр. Құтқарушылар 8 адамды шығарды, олардың біреуі бала”, – делінген хабарламада.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Еске салайық, бұған дейін Астанада “Хан Шатыр” сауда орталығының маңындағы тұрғын үй кешендірінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлаған едік.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"