Астанада 14-қабаттан секірмек болған ер адам 15 тәулікке қамалды
Астанада жұбайын қорқыту үшін 14-ші қабаттан секірмек болған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото сюжет кадрларынан
Сот отырысы барысында азамат кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Сондай-ақ ол сол кезде мас болған. Әрекеті арқылы жұбайын қорқытқысы келген.
“Азамат мас күйінде 14 қабаттың терезінде ілулі тұрған. Балағат сөздер айтқан. Сот қаулысымен азамат 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды”, – деді Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Азамат 15 тәулікке қамауға алынды.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда