Астана әкімдігі жаңа аудан құру туралы шешім қабылдады
Астана қаласының әкімдігі қала халқы санының өсуі мен инфрақұрылымының қарқынды дамуына байланысты жаңа аудан пайда болуы мүмкін екенін хабарлады. Жаңа аудан құру талқылауға шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ашық нормативтік-құқықтық актілер порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Халық санының өсуі мен аумақтың қалалық инфрақұрылымының белсенді дамуына байланысты, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық басқаруды оңтайландыру мақсатында Астана қаласындағы Алматы ауданының шекарасын жаңа аудан құру арқылы өзгерту туралы шешім қабылданды.
Атап айтқанда, Астана қаласындағы Алматы ауданының шекарасын 6953 гектар жер аумағын қалада құрылған жаңа ауданға беру арқылы жалпы ауданы 8 518 гектар жерді қамтитын шекара бекіту ұсынысы жасалды.
Ұсыныс 14 мамырға дейін қоғамдық талқылауға жіберілді.
"Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен Астана қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі",-делінген ашық нормативтік-құқықтық актілер порталы хабарламасында.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”