Астанада жалған анықтама сатқан деген күдікпен екі емхана жетекшісі ұсталды
Астанада жалған анықтама беріп ақша тапқан деген күдікпен екі емхананың жетекшілері ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-тің хабарына сүйене отырып.
Polisia.kz
“Екі ЖШС-ның жетекшілері ұсталды. Олар клиенттермен алдын ала келісіп жалған медициналық анықтамалар: еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ, денсаулық паспорты, санитар кітапшасы мен өзге де анықтамалар сатқан”, – делінген хабарламада.
Осы күдікпен Тәуелсіздік даңғылында орналасқан емхананың 33 жастағы басшысы ұсталды. Полиция одан ақша, мөрлер мен мөртабан, тіркеу журналы, медкітапшалар мен өзге құжаттарды тәркілеген. Екінші ұсталған адам – Әуезов көшесіндегі емхананың басшысы, 33 жастағы ер адам. Оған клиенттер жұмысқа тұру үшін, жүргізуші куәлігін алу медициналық анықтама жасатқан.
Қазір қылмыстық кодекстің 385-бабына (“жалған құжат дайындау”) сай іс жүріп жатыр.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен