Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ұсталған Путиннің қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері Ресейге депортацияланды – БАҚ

36 жастағы Михаил Жилин Новосибирскте Федералтді күзет қызметі Ақпарат пен арнайы байланыс орталығында 18 жыл жұмыс істеген. Бірақ мобилизация басталған соң Қазақстанға кетіп қалған. Астанада ұсталған Жилин кейін Ресейге депортацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жилин

Михаил Жилин жұбайымен

Жилиннің жұбайы мен балары шекарадан бекет арқылы өткен. Ал өзі орман арқылы шекараны кесіп өтпек болғанда полицияның қолына түскен. Басылым мәліметінше Михаил Жилин мемлекеттік құпияны білгендіктен Ресейден кетуге тыйым салынған. 

12 желтоқсанда Астана қаласының ауданаралық тергеу соты Жилинді 40 тәулікке қамаған. Ал Ресейдің Ішкі істер министрлігінің сайтында Михаил Жилинге қылмыстық бап бойынша іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды. 

Оның жұбайы Қазақстандағы адам құқығы бойынша халықаралық бюро арқылы күйеуін Ресейге қайтарғанын білген. 

"Адвокаттар және құқық қорғаушылар арқылы іздеуге тырысып жатырмын. Олар әзірге іздеу жүріп жатқанын айтты", – дейді әйел.

Айта кетейік, бұған дейін әскери уақытта қашып кетті деп айыпталған Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) бұрынғы қызметкері Михаил Жилин Астанада қамауға алынғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау