Астанада үстіне футбол қақпасы құлап кеткен 10 жасар бала көз жұмды
Астанада 7 тамызда 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Оқушы алған жарақаттарынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Білім беру басқармасының мәліметінше, оқушы мектеп аумағында болған.
"№10 мектеп аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті. Алған жарақаттарынан бала жан тапсырды", – деп мәлімдеді Астана қалалық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Zakon.kz басылымының мәліметінше, қазіргі таңда баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Білім беру басқармасы марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтады", – деп қосты ведомство өкілдері.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген