Астанада тұрғын дүкендегі спорттық киімді киіп, қашып кеткен
Астанада киім дүкеніне келген адам дүкендегі спорттық костюммен қашып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Сатушылардың айтуынша, жігіт дүкенге кіріп, киіну бөлмесінде спорттық костюмді киіп алған.
Шығар кезде ер адамның үстінен ұрлыққа қарсы магнит қосылған. Бейнежазбаға қарағанда, қаскүнем жұмысшыларды өзінің жеке киімімен жүргеніне сендірмек болған, содан кейін дүкеннен қашып кеткен.
"27 жастағы қала тұрғыны бұрын да ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Елорда тұрғыны кінәсін мойындады", – деп хабарлады полиция мәлімдемесінде.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды