Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды

Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ресей СІМ баспасөз қызметі

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің 24-отырысының ашылу салтанаты өтті.

Алдын ала жоспар бойынша делегациялар сарайға сағат 10.15-ке дейін жиналып,  кейін ресми шара басталды. 
Саммит Мемлекет басшысының алғы сөзінен басталып, Беларуське ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі мәртебесін беру туралы құжаттарға қол қою рәсімімен жалғасты. 

"Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде біздің ұйым халықаралық қатынастар жүйесінің маңызды тетігіне айналды және жалпы прогрестің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Саясат пен қауіпсіздік, экономика және мәдениет саласындағы өзара жемісті іс-қимыл біздің елдеріміз бүкіл Еуразия континентінің даму векторын белгілейді. Шанхай рухын нығайту және Шанхай принциптерін ілгерілету арқылы біз ШЫҰ-ны ең ықпалды және беделді халықаралық құрылымдардың біріне айналдырдық" –  деді президент.  

ШЫҰ саммиті алғаш рет "ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы" және "ШЫҰ плюс" отырысы форматында өтеді. Жиынға саммитке мүшелік етпейтін Түркия, Әзірбайжан, Түркменстан мемлекеттерінің басшылары да келді.



ШЫҰ саммиті алғаш рет "ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы" және "ШЫҰ плюс" отырысы форматында өтеді.

Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы барысында Астана декларациясы, 20 шешім, мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі, соның ішінде "Әділетті бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы" бастамасы, "ШЫҰ-ны жетілдіру", Беларусь Республикасын ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру рәсімін аяқтау туралы шешім қабылданады.

ШЫҰ плюс отырысы "Әділ әлем, келісім мен даму үшін әлемдік бірлік туралы" тақырыбында кеңейтілген құрамда өтеді.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізгені айтылды.

Талқылау