Астанада сегізінші сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кеткен
17 сәуірде №72 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы білім ошағының төртінші қабатының терезесінен секіріп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылған. Бала ауруханада жатыр.
"Жәбірленушінің миы шайқалған, кеудесі мен іші жарақаттанған, оң жақ білегі мен оң аяғы сынған", - делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның себептері анықталып жатқаны атап өтілді. Бұл факті бойынша қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Айта кетейік, бұған дейін 11 сәуірде олимпиадалық резервтегі мектеп-интернатында Бексұлтан есімді оқушының есінен танып, кейін көз жұмғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда жақындарының сөзінше, марқұм жоғары сынып оқушыларын әлімжеттік көрген. Аталған дерекке қатысты полиция күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған