Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Астана әкімдігі жоспардан тыс жүргізілген тексеріс кезінде құрылыс компанияларының қызметінде заң бұзылғанын анықтап, оларды жоюға 247 тапсырма берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Риа Новости

Құрылысты сапасыз салғаны және құрылыс-монтаждау жүргізгені үшін 46 компания, ал дұрыс бақыламағаны үшін 7 техникалық қадағалау ұйымы жазаланды. Ал 22 техникалық қадағалау сарапшысының аттестатының күші 6 ай мерзімге жойылды немесе мүлдем аттестатынан айырылды.

“Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 312-бабы 2-бөлігі "Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылда қайталап жасалған әрекеттер" және 313-бабы1-бөлігі "Салық мөлшерлемелері" бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды”, – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Мына компаниялар құрылыс салу лицензиясынан айырылды: 

  • "NAK development" ЖШС;
  • "БазисДоСтрой" ЖШС;
  • "КСМК-АФ" ЖШС;
  • "DBK-Engineering" ЖШС;
  • "Пропилон" ЖШС;
  • "ANA Astana" ЖШС;
  • "ППК" жобалау-құрылыс компаниясы" ЖШС;
  • "X-clusive Qurylyus Group" ЖШС. 
Талқылау