Астанада полицей мен мүгедектігі бар азаматтың арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды
Астанада полицей мен мүгедектігі бар азаматтың арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин
Астана қалалық полиция департаменті ер адамның азаматтарды мазалап, қайыр сұраумен айналысқанын мәлімдеді.
"Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция жасағы тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Қызметкерлер азаматтарды мазалап, қайыр сұраумен айналысатын тұлғаларға ерекше назар аударады. Мешіт маңында жүрген жамағаттың шағымы бойынша, адамдардың еркін қозғалуына кедергі келтіріп, мазалаған азамат анықталды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", – деп хабарлады департамент.
Еске салсақ, Жетісу облысында полиция қызметкерлері жас жігітті жолдың ортасында ұрып-соққан.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен