Астанада өзенге құлаған екі адамды құтқармақ болған куәгер де суға батып кетті
Астанада ер адам мен әйел адам өзенге құлап кетті, оларды көрген екі куәгер құтқармақ болып, суға секірген.

Бұл ақпаратты Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Оларды құтқармақ болып суға секірген екі куәгердің бірі аман қалды. Төтенше оқиға жексенбі күні күндіз болған. Тұлпар көпірінің маңында ер мен әйел тиісті емес жерден өзенді кесіп өтпек болып, абайсызда суға құлап кеткен. Оларды көрген екі куәгер құтқармақ болып, өзенге секіреді.
Куәгерлердің бірі құтқарылған. Медициналық көмек көрсетілген соң, ол үйіне жіберілді. Сүңгуірлер өзеннен екі адамның денесін алып шықты. Олардың кім екені анықталады. Тағы бір адам іздестіріліп жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Шымкенттіктер “өзге планеталықтарды” видеоға түсіріп алды (видео)
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"