Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада өртеніп кеткен тұрғын үй кешенін кім қалыпқа келтіреді

Елорда әкімдігі өрттен зардап шеккен Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінің тұрғындарына қандай көмек ұсынылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: facebook.com/astanaakimat

Жеке меншік тұрғын үй саналатын элиталық кешен мемлекет пен салық төлеушілердің ақшасына қалпына келтірілмек. Алайда тұрғындар бұған қарсы. Тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің қымбат тұратынын ескеру қажет. Осыған байланысты әкімдіктегілер мемлекеттен ақша бөлінбейтінін айтып, тұрғындарды сабырға шақырды.



Әкімдік құрған комиссия ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын болды.

“Өрттен зақым келген пәтерлер мен қасбетті жөндеу шығыны бюджет есебінен өтелмейді. Комиссия ғимаратты әрі қарай пайдалану бойынша техникалық мәселелерді қарайды. Аталмыш үйде өрт болғанын ескерсек, бұл – төтенше жағдай. Қала әкімдігі ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсетеді”, – деп мәлімдеді әкімдіктегілер.

Бұған дейін "Хан Шатыр" сауда орталығының маңында тұрғын үйден өрт шыққаны туралы жазған едік.

Талқылау