Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар арасында мұң-мұқтажын бөлісетін “нытинг” жиындары танымал бола бастаған

нытинг
Фото: Видеодан скриншот

Астанада мұң-мұқтаждарын бөлісетін “нытинг” жиындары танымал бола бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Психологтың орнына бейтаныс адамдар тобы орталық саябақта жиналуды әдетке айналдырған. Адамдар бір-біріне мұң-мұқтажын, тәжірибелерін бөлісіп, жай ғана қолдау сезіну үшін жиналады. Басты ереже – адамдарды сынамау, мәселесін құнсыздандырмау.

Ерекше форматтағы жиынды астаналық София Василева ойлап тапқан.

"Менде клиникалық депрессия. Кейде достарыма ішімдегіні ақтарып, айтқым келеді. Бірақ ешкімнің қолы бос емес болмай қалады. Сол кезде шер тарқатқысы келетіндерді іздедім. Орындықтарды алдым да, саябаққа бардым”, – деді ол.

“Нытинг” бірінші рет 2 шілдеде басталды. Адамдар көбіне жұмыссыздық, қарым-қатынас мәселесін айтады екен. 

"Мені жиі жұрттың балаларымен салыстырады. Ал мен ешқандай жетістікке жетпедім. Үйленген жоқпын, жұмыс жоқ. Өзімді керексіз сезіндім”, – деді астаналық Төлеген Қазбеков. 

Алайда ұйымдастырушы бұл жиын психолог не психотерапевтті алмастырмайтынын айтады. 

Қырмызы Скендір
Жұма, 17 Шілде, 2026 11:30