Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында мектеп оқушысы өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды (видео)

Ақмола облысында жоғарғы сынып оқушысы өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

№52 мектеп-гимназиясының 11 "А" сынып оқушысы Марлен Көшербай Ақмола облысы үйлерінің бірінің қасында өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды.

12 мамыр күні сағат 11 шамасында Марленді қарындасы оятып, өзенге бір баланың батып бара жатқанын айтады.

Марлен бірден үйдің жанындағы өзенге қарай жүгіріп, суға батып бара жатқан бүлдіршінге көмекке ұмтылып, оны судан аман-есен шығарып алды.

Марлен Көшербай – оқу үздігі, спортпен тұрақты айналысады. Белбеу күресінен жасөспірімдер арасында Астананың ашық біріншілігінде 55 келі салмақта "алтын" жеңіп алған, сол сияқты "Аршалы Барысы" турнирінің ІІ орын иегері. Бала кезінен көкпар спортына қатысады.

Білім басқармасы төтенше жағдайлар департаменті атынан Марленді ерлігі үшін марапаттады.


"Мамама көмек керек": Алматыда 5 жасар бала көршілердің ортақ тобына хабарлама жіберіп, анасын құтқарып қалды

Талқылау