Астанада қызды ұрлап, туыстарынан ақша талап еткен өзбекстандық әйел ұсталды
Полицейлердің ауқымды шарасы барысында Өзбекстан елінің 23 жастағы азаматы ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, өзбекстандық әйел мемлекетаралық іздеуде жүрген. Ол құда түсіп 21 жастағы қызды үйінен алып кетіп, бопсалау арқылы туыстарынан ақша талап еткен.
Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматы анықталды.
- "Пышақ сермеп, үстеріне отырып алған": Балқашта сөйлеу қабілетінің дамуы тежелген балаларды тәрбиешілер қорлап, ұрып-соқты
- "Біреудің несиесін жауып, біреудің көлігін жөндеген": Алматы облысында 14 жасар оқушының өлімін ата-анасы әлімжеттіктен көреді
"Самарқанд қаласында ол ер адамның 1,4 млн сом ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, оны жұмысқа орналастыруға уәде берген", - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта екі кінәлі тұлға УҰИ-ға қамалды. Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Іс-шараның бірінші күні Астана қаласының аумағында 8 қылмыскер анықталып, ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың орналасқан жері табылған.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған