Астанада "Хан Шатыр" сауда орталығының маңында тұрғын үйден өрт шықты (видео)
Астанада “Хан Шатыр” сауда орталығының маңындағы тұрғын үй кешендірінің бірінде өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан түтін ғимаратты толығымен тұмшалағанын байқауға болады. Ал төтенше жағдайлар министрлігі қазір өртті ауыздау үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
“Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына келді. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша тұрғын үй кешенінің 26-қабатында сыртқы жабыны өртеніп жатқаны анықталды”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін әлеуметтік желіде өртенген нысанның “Қазақмыс” ғимараты екені айтылған.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
