Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада футбол алаңында жігітті қақпа басып қалып, көз жұмды

Астанада футбол алаңында 25 жастағы жігітті қақпа басып қалып, ол қайтыс болды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Мәліметтерге сенсек, қайғылы жағдай "Достық Арена" спорт алаңында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода жігіттің қақпаға асылып тұрғаны, кейін "көтерілу-айналып түсу" жаттығуын жасауға тырысқаны көрінеді. Сол сәтте темір қақпа құлап, оны басып қалған.

"Аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл – қайғылы жағдай. Ойын барысында ол қақпа маңында болып, қолымен көлденең тіреуішке асылған. Салдарынан құрылым құлап, жігіттің үстіне түскен. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Астана полиция департаменті.


Астанадағы қару клубында жігіт өзіне қол жұмсады


Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Астанадағы спорт кешендерінің бірінде жаттығудан кейін құқық қорғау органдарының қызметкері қайтыс болды деген ақпарат тарады. Астана полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Қауіпсіздік қызметкері күштік жаттығудан кейін есін жоғалтқан.

Талқылау