Астанадағы қару клубында жігіт өзіне қол жұмсады
Астанада қару клубында жігіт өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Астана қаласында орналасқан "Keiki Mergen" қару клубында жас жігіт тапаншадан ату жаттығуы кезінде нысанаға бірнеше рет оқ атып, кейін қаруды өз басына бағыттап, өз-өзіне қол жұмсады.
Нұсқаушы дереу жедел жәрдем мен полиция шақырды. Келген дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын растады.
Астана полиция департаменті жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсағанын растады.
"19 жастағы елорда тұрғынының мәйіті табылғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын объективті анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", – деп түсіндірді полиция басқармасы.
Жігіттің қалтасынан әпкесіне арналған хат табылды, онда ол өзінің өліміне ешкімді кінәламауды өтінген.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады