Астанада ер адам жалған түбіртек жасап, дүкеннен киімдерді алып кеткен
Елорда тұрғыны сатушыны жалған түбіртекпен алдап, бутиктен 230 мың теңгеге киімдерді алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байқоңыр ауданының полициясы сатушыны жалған түбіртекпен алдап, бутиктен киім-кешекті алып кеткен адамды ұстады.
Полицияның айтуынша, ер адам сауда-ойын-сауық орталықтарының біріндегі бутикке кірген. Ол бас киімнен бастап аяқ киімге дейін толық киініп, сатып алғандай түр жасаған. Ол сатушыға мобильді қосымша арқылы 230 мың теңгеден астам сомаға тауарды төленгені туралы түбіртек ұсынды. Оның түбіртекті қолдан жасағаны анықталды. Күдікті бәрін мойындады.
ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция күдіктінің елордадағы басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтайды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр