Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада діни кітаптарды заңсыз сатқан дүкен анықталды

 Астана қаласы ПД қызметкерлері жүргізген мониторинг барысында Дін істері комитетінің мемлекеттік стандартына сәйкес келмейтін кітаптарды заңсыз сату дерегі анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
 

Елордалық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу кезінде "Артем" орталық базарының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатын алмаған әдебиеттер сататын дүкен жұмыс істеп тұрғанын анықтады.

 Аталған дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқық  бұзушылық кодекстің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағын (Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, өндіру, шығару, басып шығару немесе тарату) негізге ала отырып әкімшілік хаттама толтырылды.

Астана қаласы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері экстремистік идеяларды насихаттайтын тұлғаларды, сондай-ақ тыйым салынған діни әдебиеттерді тарату фактілерін анықтау мақсатында тұрақты түрде жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізіп тұратынын ескертеді.
 

Талқылау