Астанада ауа райы күрт бұзылып, бір түнде 146 жол апаты тіркелді
Қолайсыз ауа райы салдарынан 12 қазанда елордада 118 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам зардап шекті. Сол түні тағы 28 көлік апаты болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеокадрдан алынған
Мәліметтерге сенсек, 13 қазанда түнгі 00:00-ден 08:00-ге дейін 28 жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты қатаң сақтауға, жеке көліктерді жол бойында қалдырмауға, сондай-ақ ережелерді сақтауға шақырады.
Астана тұрғындарына ұзақ сапарға көлікпен жолға шықпауға кеңес берілді.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда көктайғақ кезінде автобус жаяу жүргіншіні қағып өлтіргенін жаздық. 12 қазан күні сағат 19:00 шамасында Липецк көшесінде 53 жастағы маршруттық автобус жүргізушісі көктайғақ жағдайында 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол алған жарақаттарынан көз жұмды.