Астанада белгісіз ер адам дүкеннен қымбат алкогольдік ішімдікті ұрламақ болған
Астанада белгісіз ер адам дүкеннен қымбат алкогольдік ішімдікті ұрламақ болған. Оқиға видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ішкі істер министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Супермаркет өкілі оқиғадан соң бірден полицейлерге хабарласып, белгісіз біреудің қымбат алкогольдік өнім ұрламақ болғанын жеткізген.
Құқық қорғаушылар қарақшылық шабуылға қатысы бар 47 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Ер адам Петров көшесіндегі супермаркетте кіріп, сатып алушы секілді сыңай танытып, тауарларды қарап жүрген. Сатушының залда жоқтығын пайдаланып, сөмкеге құны 16 мың теңге тұратын Dewars виски бөтелкесін салып, шығуға қарай бет алған. Оны байқаған кассир артынан жүгіріп барып, оны тоқтатпақ болған. Ер адам ұрланған затты лақтырып, қашып кеткен.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген