Астананың өзінің "Диснейленді" пайда болмақ
Елордада Қытайдың Шанхай қаласындағы Диснейлендке ұқсас ойын-сауық саябағы салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pinterest.com
Аталған жобаға қатысты Астана қаласы әкімдігінің "Astana Invest" кеңсесінде басқарма төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныш пен "ULKENBAY" компаниясының өкілдері арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында Шанхай қаласындағы Диснейлендке ұқсас ойын-сауық саябағын салу ұсынылды. Болашақта "Жібек жолы" деп аталатын ойын-сауық саябағы Қазақстан мен Қытайдың мәдени ерекшеліктерін біріктіреді.
Инвесторлар жобаның жоғары сапасы мен бірегейлігін қамтамасыз ету үшін Шанхайдағы Диснейлендті жасаған дизайнерлерді тартуға ниетті екенін білдірді.
Бұл саябақтың негізгі идеясы – балалар көңіл көтеріп қана қоймай, ойын формалары арқылы екі елдің мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін үйренеді.
Айта кетейік, бұған дейін Астана әкімдігі үйірмелер мен спорт секцияларына орын бөлген кезде заңбұзушылықтарға жол бергенін жазған едік.