Астанада әйеліне ренжіп, көпқабатты ғимараттың төбесіне шыққан ер адам 5 тәулікке қамауға алынды
Астанада әйеліне ренжісіп, кейін көпқабатты ғимараттың төбесіне шыққан 36 жастағы ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видео кадрларынан скрин
Ер адамның видеосы желілерде таратды. Оның биік ғимараттың төбесінен аяғын салбыратып отырғаны жұртты шошытты.
Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Сот ер адамға бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға ер адамның әйелімен болған жанжалынан кейін болған.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге