Астанада ауыр атлетикадан U17 және U20 санаттарындағы Азия біріншілігі өтеді
Фото: olympic.kz
4 пен 10 шілде аралығында еліміздің астанасында жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты ұйымдастырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Федерацияның мәліметінше, жарысқа 27 мемлекеттің атынан 450-ден астам зілтемірші қатысады деп жоспарланып отыр.
Қазақстандық жас спортшылар арасынан 36 атлет бұл додада ел намысын қорғайды. Құраманың нақты тізімі алдағы уақытта белгілі болады.
Айта кетейік, бұл жарыс Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді. Жарыс аясында U17 және U20 жас категорияларында медальдар сарапқа салынады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

