Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды
Елордада экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды. Ол ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен айыпталған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот отырысы бас қаланың Байқоңыр ауданында №2 сотында өтуде. Бірақ бүгінгі сот отырысына айыпталушы онлайн режімде қатысты.
“Сотталушы ауа райына байланысты онлайн қатысады. Кейін офлайн режімде жалғасатын болады”, - деді судья Бағлан Ыдырысов.
Еске салайық, бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық іс "Байқоңыр" аудандық №2 сотына түскені жазылды. Ол халықаралық көрме өткізу үшін бөлінген 140 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған
