Астанада 400-ден астам үлескер жоқ үйге 4,5 миллиард теңге ақша салып жіберген

Елорда прокуратурасы үлестік құрылысқа азаматтардан қаражатты заңсыз тарту фактісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
400-ден астам отбасының мүддесіне 4,6 миллиард теңге көлемінде аса ірі залал келтірген бір топ адамға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.
“Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұза отырып, үш тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқаны анықталды. Алынған қаражат мақсатсыз жұмсалып, нысандардың құрылысы мүлде жүргізілмеген”, – делінген хабарламада.
Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлерден қаражат тартуға рұқсаттың бар-жоғын мұқият тексеруге шақырады. Бұл алаяқтықтан сақтануға және құқықтарыңызды қорғауға көмектеседі.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"