Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық уақыт белдеуін ауыстыруды талап етіп, министрлікті сотқа берді

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты еліміздегі сағат тілін ауыстыру туралы шешімге шағымданған адамның арызын қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik 

Сот мәліметінше, азамат А. Сауда және интеграция министрлігі атынан Қазақстан үкіметінің үстінен шағым түсірген. 

"Азамат өз шағымында, "ел аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы "үкіметтің 2000 жылы 23 қарашадағы №1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы қаулысын, Үкімет жанындағы жұмыс тобының 2024 жылы 2 тамыздағы "уақытты қайтарайық" петициясын қанағаттандырудан және ақпаратқа қол жеткізуден бас тарту туралы шешімін, 2024 жылғы 1 және 24 тамыздағы жауабын заңсыз деп тануды сұраған", –делінген хабарламада. 



Алайда сот талап қоюшының талаптары әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібі бойынша қаралмайтынын мәлімдеді. 

"Талапкердің бастапқыда көрсетілген нысандағы талаптары әкімшілік іс жүргізуде қаралуға жатпайды. Осыған байланысты талап қоюшыға өз талаптарын нақтылау құқығы түсіндірілді. Сондай-ақ талаптардың мәнін өзгерту  ұсынылды. Алайда, белгіленген мерзімде сотқа әкімшілік талапты нақтылау немесе толықтыру туралы арыздар түскен жоқ. Осылайша, оның талабы қайтарылды", – делінген сот хабарламасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық альянс сарапшылары Қазақстанның бұрынғы уақыт белдеуіне оралу туралы шешімін қолдаған еді. 

Талқылау