Астана-Петропавл тас жолында бір уақытта 16 көлік соқтығысқан: Қаза тапқандар бар (видео)
Астана–Петропавл республикалық тас жолында ірі жол апаты орын алды. Бір уақытта 16 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 29 желтоқсан күні сағат 13:25-те республикалық тас жолдың 396-шы шақырымында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 16 көлік: төрт жүк көлігі, үш ГАЗель және тоғыз жеңіл көлік соқтығысқан.
Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам зардап шекті, ол Ақкөл орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Оқиға орнынан бес адам эвакуацияланды, олардың ішінде 2022 жылы туған бала да бар.
Полиция Ақмола облысындағы жолдардың 41 учаскесі жабылғанын хабарлады.
Фельдшерден қандықол қылмыскерге дейін: Өскеменді үрейде ұстаған Сергей Яровой деген кім
Ол зорлап өлтірген құрбандар қатарында 8 бен 16 жастағы қыздар да бар
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген