Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана медицина университетіндегі дау: Оқудан шығарылған студенттер не дейді

Ағылшын тілінен жалған IELTS сертификатын алып, оқуға түскен “Астана” медициналық университетінің студенттері «алаяқтарға оңбай алданып қалдық» деген мәлімдеме жасады.

Астана медицина университетіндегі дау: Оқудан шығарылған студенттер не дейді

Бұл туралы 24 хабар хабарлады.

Жалған құжат жасатып Астана медицина университетінен шығып қалған 117 тәлімгердің екеуі Алена Бессарабова және Венера Алматова «бұл құжаттың жалған екенін білмедік» дейді. Студенттердің айтуларынша, оларға IELTS сертификатын бір әйел өзі әкеп берген.

Бастапқыда студенттер қылмыстық іске«қорғануға құқығы бар куәгер» ретінде тартылған. Олар сертификат берген әйелді де суреттен танып отыр. Диссертация қорғауға аз уақыт қалғанда оқуыдан қуылған Алена мен Венера оқуға қайта қабылдануға мүмкіндік жасалуын сұрап отыр.

«Біз алаяқтардың құрбаны болдық. Жағдайымызды түсінсе екен дейміз. Осы уақытқа дейін оқыдық. Диссертацияны қорғауымызға 1 ай ғана қалды. Университетке қалай қайта қабылданудың жолы бар? Біз шарасыз күйде қалдық»,-дейді Алена Бессарабова.

Айта кетейік, ағылшын тілінің халықаралық сертификатын тек Кембридж, Британдық Кеңес және Ай-ди-пи секілді әлемнің үш ұйымы ғана береді. IELTS тапсыру құны – 47 мың теңге. Сынақ тапсырушылардың барлық емтихан құжаттары осы үш ұйымның біріне жіберіледі. Эмтихан нәтижесі тек 14 күн өткеннен кейін белгілі болып, Қазақстанға жіберіледі.

Тағы оқыңыз: 

Сара Амангелді: КешYou-де жүрген кезде киноға бару үшін директорға жазып, сұранатын едік

Жанболат пен Жазира балалы болуға ниеттеніп жүргендерін айтты

Әуелбекова басшы болып тағайындалған мекемеге Nazar тобын да кіргізіп алған

Есболат Беделхан Black Dial тобынан кеткен рэперлерден 96 миллион теңге талап етті

Талқылау